Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№16 орта мектебі" КММ
Жүгіру жолы
"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№16 орта мектебі" КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес «№16орта мектебі» КММ 2025 - 2026 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.

«№16 орта мектебі» КММ қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдау Ақтөбе қаласы, Жеңіс даңғылы, 34 мекен - жайы бойынша жүргізіледі. Электронды мекен-жайы: e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. байланыс телефоны: 8(7132) 46 78 01

 

Қамқоршылық кеңес - заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган. 

Қамқоршылық кеңестің мақсаты:

1)  білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;

2) білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагогика ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;

3) білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;  

4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;

 

Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары

1) әлеуметтік - мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;   

2) тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;  

3) халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;

4) білім беру ұйым жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.

 

Қамқоршылық кеңестің міндеттері:

  • Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;
  • Білім беру ұйымына педагогика қызметкерлерінің  және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;
  • Білім беру мекемесіне педагогика және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;
  • Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік - экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;
  • Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (абаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);
  • Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу; 
  • Білім беру мекеме оқушыларының,тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.

 

Қамқоршылық кеңестің құрамына мүше болғыңыз келсе, төмендегі өтінішті толтыруыңыз сұралады.

 

 

                                                    «16 орта мектебі» КММ директоры м.а.

                                                    

                                                               ____________________________________

                                                                 (өтініш берушінің аты жөні)

                                                        тұратын жері ______________________

                                                          __________________________________

                                                                                                           (көше,үй пәтер)

 

Өтініш

Мен___________________________________№_____________________________                                         (жеке куәліктің қашан, кіммен берілген)

 

№16 орта мектебі» КММ -нің қамқоршылық кеңестің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым   министірінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім   беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру   және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде кеңестің   мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкестігімді растаймын.




___________________(тегі, аты-жөні)

_____________ (қолы)

«___»__________________2025ж.